Шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды

«Қазақстан жастары конгресі» қауымдастық нысанындағы ЗТБ «Жас журналистер мектебі» әлеуметтік жобасы аясында республикалық шағын гранттар байқауының басталғанын хабарлайды.

Әр гранттың сомасы – 150 000 теңгені құрайды.

Өтінімдер 2022 жылғы 7 қазан сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Айта кетейік, «Жас журналистер мектебі» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Шағын гранттар бойынша кез-келген сұрақты jasjurnalistermektebi@gmail.com электронды почтасына қоюға болады.

Exit mobile version