Шағын футболдан турнир олимпиадалық түрде өткізілді

8 қазан күні “Студенттік күз – 2024” фестивалі аясында ұлдар арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнирге жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орнынан 11 команда қатысты.

Тартысқа толы спорттық шараны алдымен “Ақтау студенттер Альянсы” КҚ төрағасы Мейірбек Амангелдиев ашып, турнирде бақ сынайтын командаларға сәттілік тіледі.

Шағын футболдан турнир олимпиадалық түрде өткізілді. Тартысты ойын өрнегін көрсетіп, көптің қошеметіне бөленген командалар арасынан Yessenov University 1-орынды иеленді. Жүлделі 2-орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі алды. Ал үздік үштікті “Каспий өңірі Болашақ колледжі” түйіндеді.

Аталған іс-шараға қолдау көрсеткен «BroDobro» ұжымына өз алғысымызды білдіреміз.

Exit mobile version