Самбошылардың екінші легі Төретамда күреседі

22-23 желтоқсан күндері Қармақшы ауданы, Төретам кентінде самбо күресінен Жанқожа Нұрымбетұлын еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтеді. Турнирге маңғыстаулық самбошылардың екінші легі барды. Спортшылар бүгін салмақ өлшеніп, сынға түседі.

Спорттық додада 2008-2009 жылы туған 38, 42, 46, 49, 53, 64, 71 және 2011-2012 жылы туған 26, 29, 32, 35, 38, 42, 46, +46 келі салмақтағы самбошылар сынға түседі.

Жарыстың мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану.

Жалпы спортшылардың жол шығынын «7 жұрт» қоғамдық бірлестігі Жол жүру гранты жобасы аясында өтеді. Жоба Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асып жатыр.

Айта кетейік, жол жүру грантына спорт бағыты бойынша 61 өтінім түскен. Соның ішінде 25 жас жеңімпаз атанды. Спортшылардың алғашқы легі Оралға жолға шыққан болатын.

Exit mobile version