Роналду мен Месси футболдан әлем чемпионатына бесінші мәрте қатыспақ

Әлем футболының жұлдыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионаты финалдық сатысына бесінші мәрте қатысады.

Лионель Месси 2006, 2010, 2014, 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарында бақ сынады. Дүбірлі доданың финалдық сатысында 19 ойында қарсыластар қақпасына 6 гол соқты.

Ал Криштиану Роналду 2006 жылдан бері әлем чемпионаты финалдық сатысында ұлттық құрама сапында 17 кездесуде 7 мәрте мергендік танытты.

Сондай-ақ, осындай мәртебеге мексикалық Андрес Гуардадо және Гильермо Очоа ие болып отыр.

Бұрынғы жылдары мұндай жетістікті мексикалық Антонио Карбахаль (1950-1966) мен Рафаэль Маркес (2002-2018), германиялық Лотар Маттеус (1982-1998) қол жеткізген еді. Ал Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Буффон бес турнирге қатысқанымен, оның төртеуінде ғана жасыл алаңғы шықты.

Exit mobile version