«Риза-Ана» қоғамдық қоры жұмысшы жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған жоба жүргізуде

“Риза-Ана” қоғамдық қоры өндірісте еңбек ететін жұмысшы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған жаңа жобаны бастады,-деп хабарлайды «Маңғыстау жастары» сайты.

Қор өкілдері үш күн қатарынан өңірдегі мұнай-газ компанияларының еңбеккерлерімен жүздесті. Алғашқы кездесу “Өзенмұнайгаз” компаниясында өтті. Кәсіпорындағы жастар қанатымен бірлесе атқаратын іс-шараларды пысықтап, жоспарларын талқылады.

“Маңғыстаумұнайгаздың” белсенді жастары 33-40 жас аралығын құрайды. Қор өкілдерімен кездескен жұмысшы жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, Ақтау қаласының өркендеуіне, қаланы аббаттандыруға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Жастармен жұмыс істеудің жақсы үлгісін көрсетіп жүрген кәсіпорынның бірі – “Қаражанбасмұнай” АҚ. Компания жастары да алдағы уақытта қор өкілдерімен бірге азаматтық белсенділікті арттыру бағытында бірлесе жұмыс атқармақшы.

Exit mobile version