Республикалық турнирде топ жарды

“Халық батыры ер Шабай Қонысұлы» атындағы IV Республикалық турнирде жаңаөзендіктер “Спорт шеберлігіне үміткер” атағын алды. Дзюдо турнирі 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында өтті. Республикалық жарысқа Алматы, Алматы облысы, Қызылорда,Тараз,Ақтөбе,Орал,Атырау және Қырғыстан Республикасынан командалар қатысты.

– Жарысқа қатысқан екі спортшымыз да ақтық сынға дейін 4 қарсыласын жеңді. Барлық қарсыластарын жеңу оңайға соқпады. Саян Нұржанұлы 26 кг салмақта, Базарбай Әбілхайыр 29 кг салмақта күресті. Екеуі де финалда қарсыластарына есе жіберіп, 2-орынға ие болды. Бірақ екеуі де “Спорт шеберлігіне үміткер” атағын орындады, – бапкері Нұрбол Илумбаев.

Exit mobile version