Қазақстандықтар Республика күні мерекесінде қанша күн демалады?

фото ғаламтордан алынды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған қаулыға сәйкес, келесі айда демалыс күнін 22 қазаннан (сенбі) 24 қазанға (дүйсенбі) ауыстыру жоспарланып отыр.

Сәйкесінше, қазақстандықтар 23, 24, 25 қазан күндері демалады.

Айта кетейік, елімізде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгілеу жоспарланған. Өзгерісті Сенат депутаттары қабылдаған.

Exit mobile version