Қазақстандық шахматшы Дүниежүзілік олимпиадада алтын жеңіп алды

Жас шахматшы Сауат Нұрғалиев 1-11 қазан аралығында Әзірбайжанда өткен, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды.

«Соңғы айналымға дейін біз медальдар үшін өте сәтті күрестік. Ең бастысы, жігіттер өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ахилбай (тақтада – жеке есепте), алтынды Сауат Нұрғалиев (тақтада – жеке есепте) иеленді. Бізбен 12 және 14 жастағы жігіттер ойнады, келесі жылы біз тағы да осы құраммен медальдар үшін күресуді жоспарлап отырмыз»,– дейді команда капитаны Павел Коцур.

Exit mobile version