Қазақстандық мергендер дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері атанды

Түркияның Изник ауданында өтіп жатқан сайыста қазақстандық мерген Қасымхан Қанат садақ атудан топ жарса, ал Ералхан Айкөз түрік әдісімен садақ атудан жүзден жүйрік шықты, деп хабарлайды «Маңғыстау жастары» сайты «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Үздік 16 мергеннің арасынан финалға суырылып шыққан Қасымхан Қанат финалда түріктің Оғыз Оқшы мергенімен күш сынасты. 2 ұпай айырмашылығымен есе жіберді. Дәстүрлі садақ атудан аталған жарысқа әлемнің 32 елінен 135 спортшы бақ сынады. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов спортшылардың жанынан табылып, жерлестерге жанкүйер болды.

– Садақ атумен үзбей айналысып жүргеніме 1,5 жылдай уақыт болды. Осындай дайындықтың нәтижесінде әлемдік деңнейге шығып отырмын. Елордада садақ ату клубумыз бар. Сол жерде жаттығамыз бәріміз. 16 адам келдік. Енді келесіде Қазақстан Республикасының чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, құрама командасвна кіру жоспарымда бар,- күміс медаль иегері Қасымхан Қанат.

Exit mobile version