Қазақстандық фильм Канн фестивалінде Гран-при жүлдесін алды

«Анашым, мен тірімін!» атты әлеуметтік драмасы әйгілі Канн фестивалінде Жібек жолы елдері номинациясы бойынша Гран-при жүлдесіне ие болды.

«Анашым, мен тірімін» – қазақстандық режиссерлер Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор әйелдің қиын тағдырын баяндайтын әлеуметтік драмасы.

«Канн VII өнер сыйлығының барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Қазақстандық «Анашым, мен тірімін!» фильмі Жібек жолы елдері фильмдерінің Гран-приін жеңіп алды! Фестивальді ұйымдастырушыларға, қазылар алқасының мүшелеріне, қатысушыларға және барша көрермендерге рақмет!» деп жазды Азиз Заиров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Режиссердің айтуынша, бұл – соңғы үш жылда Канн кинофестивалінде ұсынылған алғашқы қазақстандық фильм.

Exit mobile version