Қазақстанда жасы 100-ден асқандар саны 500-ге жуық адамға жетті

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Қазақстанда 100 және одан да көп жастағы 487 азамат бар. Ең қарт қазақстандық 121 жастағы Түркістан облысының тұрғыны», – делінген хабарламада.

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Түркістан облысының тұрғыны – 121 жас, Шымкент қаласы – 120 жас, Жамбыл облысы – 119 жас кірді.

Статистикаға сәйкес, 100 жастан асқан азаматтардың саны бойынша Түркістан облысы 75 адаммен көш бастап тұр. Одан кейін Алматыда 62 адам және Алматы облысында 55 адам бар.

Exit mobile version