Қазақстанда кітаптар 16,5% қымбаттады

Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда кітаптар 16,5 пайызға қымбаттаған.

Баға Ақмола облысында ең қатты өскен – 43,4%. Ұлттық статистика бюросы дерегіне сәйкес, жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді.

Қазір республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді, оның төртеуі – электрондық.

Exit mobile version