Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды 5:3 есебімен жеңді

19 қыркүйекте Ақтауда Футзалдан өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзірбайжан құрамасынан басым түсті.

Қазақстан құрамасын қолдауға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және қала тұрғындары келді. Ақтаудағы футзалдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзірбайжан командасын 5:3 есебімен жеңді. Ұлттық құрама үшін үш голды Эдсон, сондай-ақ пенальтиден Дуглас, ал жеңіс добын Альберт Ақбалықов соқты.

Бірінші тайм барысында ұлттық құрама ойыншылары 1:3 есебімен есе жіберіп жатқанына қарамастан, екінші таймда камбэк жасап, жеңіс туын жілбіретті.

Ұлттық құрама сапында жергілікті спортшылар – Райымбек Жұма, Жахангір Рашит және Ақжол Қайратұлы дебют жасады. Сондай-ақ, Каспий футзал командасының ойыншысы Арнольд Кнауб та бүгінгі ойында құрамада өнер көрсетті.

Сондай-ақ, еліміздің футзал тарихында орын алған тағы бір маңызды оқиға – Ақтау қаласы Қазақстандық футзалының аңызы Димаш Сүлейменов ұлттық құрамадағы мансабын ресми аяқтап, жанкүйерлермен қоштасты.

Қазақ футзалының аңызы ұлттық құрама үшін қоштасу матчын өткізіп, өзінің тамаша ойын мансабында әдемі нүкте қойды. Ол Әзірбайжанмен өткен жолдастық кездесуде команданы алаңға бастап шығып, құрама сапындағы 100 ойынына қатысты. Сондай-ақ Димаш осы күнге дейін құрама сапында 99 матч өткізіп, 13 гол соққан.

Дінмұхамбет Сүлейменов-Ақтау футболының түлегі. 1999 жылы карьерасын «Ақтау» МФК-да бастады, ал 2001 жылы Тегеранда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Иранға қарсы ойында дебют жасады.

Айта кету керек, Қазақстан әлемдік рейтингте жетінші орында, ал Әзірбайжан құрамасы-13-ші орында. Бұл кездесу Словения және Черногория командаларымен 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындық аясында өтті.

Қазақстандықтар үшін іріктеу турнирінің алғашқы матчы ағымдағы жылдың 8 қазанында Словенияға қарсы өтеді.

Exit mobile version