«Қазақстан барысы» турниріне қатысатын маңғыстаулық балуандар анықталды

Қазақ күресінен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық кезеңіне қатысу үшін Маңғыстуа облысы бойынша Ақтау қаласында қазақ күресінен «Каспий көкжалы» іріктеу жарысы өтті.

Аталған сында бейнеулік Нұрдәулет Жарылғапов пен Маңғыстау ауданының балуаны Ғайса Қалмұханов финалда белдесті.

Нәтижесінде «Қазақстан барысы» турнирінің екі дүркін жүлдегері Нұрдәулет Жарылғапов жеңімпаз атанды.

Қос балуан алдағы уақытта Астана күніне орай өтетін республикалық сында өңірдің атынан сынға түсіп, «Қазақстан барысы» атану үшін бозкілемде белдеседі.

Exit mobile version