Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен қазақ елінің жастарына сенемін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында жаңа буыннан шыққан кәсіби мамандарға мүмкіндік беріп келе жатқанын айтты. Себебі қазір әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатыр.

Жаңа технология­лар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Жұмысты ұйымдастырудың және басқарудың әдіс-тәсілдері қайта қаралуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түсетініне сенім білдірді.

Exit mobile version