Қарақияда жастар күніне орай бірқатар шара өтті

Қарақия ауданында 12 тамыз Жастар күніне орай бірқатар шара өтті.

Ең әуелі, ауыл жастарына арналған «Lectorium» жобасы аясында @aktownx Ақтау қаласының шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Нұрсұлтан Мырзабекпен кездесіп, жастарға жүзеге асып жатқан жобаларын таныстырып, еркін форматта пікір алмасты.

Одан әрі, Жетібай ауылының Мәдениет үйінде «Сезім болып төгілген жыр» атты жастардың поэзия кеші өтті. Кеште поэзия сүйер жастар тұрғындарға жыр шумақтарын арнап, шағын қойылым сахналады. Кеш соңы ауыл өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты.

Бұдан соң, жағажай волейболынан «Жастар кубогі» үшін өңірімізден жиналған 8 команда додаға түсті. Нәтижесі бойынша I – орын және кубок иегерлері «Мұнайшы-1» құрамасы жеңімпаз атанды.
II – орынға «Мұнайшы-2» құрамасы қол жеткізді. III – орынға «3 жалпыға бірдей білім беру мектебі» ие болды.

Сонымен қатар, «3Х3 Streetball»-дан жастар кубогіне жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Қарақия, Мұнайлы аудандарынан комардалар қатысып бақтарын сынады.
Қорытынды бойынша I – орын және кубок иегерлері «Жаңаөзен» құрамасы жеңімпаз атанды. II – орынға «Ақтау» құрамасы қол жеткізді. III – орынға «Жаңаөзен БЖСМ-2» ие болды.

Жастар мерекесіне арналған екі күндік шара ауданда қызмет еткен «Жасыл ел» еңбек жасағаның жабылу салтанымен аяқталды. Онда белсенді жастар марапатталып, жастарға арналған мерекелік кешке ұласты.

Exit mobile version