Қарақия ауданының жастары шеберлік курсынан өтті

Қарақиялық жастар мобилаграфия бойынша шеберлік курсынан өтті.

Қатысушылар білікті мамандардан теориялық және практикалық тұрғыда тәжіребие алды.

Шараның мақсаты – кәзіргі жастар арасында бірден бір табыс табу көзіне айналған саланы игеру, кәсіби біліктігін арттыру.

-Бұл курс екінші рет ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады, дейді Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Оразбекұлы.

Айта кетейік, мобилография – бұл кәсіби фотоаппараттың көмегіне жүгінбей, сандық камерасы бар электронды құрылғыларды қолдану арқылы сапалы бейне жылдам жасайтын фотосурет түрі.

Exit mobile version