Қарақия ауданында үздік студенттер марапатталды

Қарақия кәсіптік колледжінде халықаралық студенттер күніне арналған «Студенттік кездер – ай» атты мерекелік шара өтті.

Колледж басшысының уақытша міндетін атқарушы Мақсат Аталиков студенттерді құттықтап, жастарға сәттілік тіледі.

Мерекелік шарада Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Оразбекұлы студенттерді құттықтап, ауданда ұйымдастырылған қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан студенттерге арнайы марапат пен сыйлықтар табыстады.

-Бұл менің алғашқы студенттік кешім, оқу мен колледж қабырғасында белсенділікті қатар алып жүрмін. Барлығы жоғары деңгейде өтті, – деді студент.

Мерекелік шарада қызықты ойындар ұйымдастырылып студенттер өз өнерлерін ортаға салды.

Exit mobile version