Қаңтар оқиғасына қатысқан 1071 азаматқа рақымшылық жасалды

Олардың басым бөлігіне қылмыстық іс қозғалған болатын. Сондай-ақ сот шешімімен 9 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, 77 адамның жаза мерзімі қысқартылған. Бұл жайында Бас прокуратура қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеген. Онда 931 адам күдікті деп танылып, 471 адамға қатысты сот үкімі шықты. Олардың ішінен 96 адам қамауға алынды.

Exit mobile version