Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талаптары түсіндірілді

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Сарымбетов келді. Ол облыс жастары мен жастар ұйымдарының мамандарына Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктерін түсіндірді.

Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің негізгі талаптары мен ережесі түсіндірілді. Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысының кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамасы. Биыл резервке үшінші іріктеу мемлекеттік басқарудың 6 салалық бағыты бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, экономикалық және қаржылық саясаты, сыртқы саясат және инвестициялар, әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам бағыты бар. Оған жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайты арқылы беруге болады.

Exit mobile version