Ақтауда жайдарманнан жартылай финал өтті

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының «Премьер лига» сайыстары бойынша жайдарман ойынының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтті. 

Жартылай финалдық бәсекеде ширек финалдық финалдық бәсекеден сүрінбей өткен 8 мектеп командасы өнер көрсетті.

Аталған командалар өнеріне ардагер жайдарманшылар Бозаев Берген, Сәулебай Тұрар, Сенбай Ерлан, Базарбай Бауыржан жіне әнші Аяпова Асылтас қазылық етті.

Әзілге толы кеште қазылар алқасының шешіміне сәйкес “А” тобы бойынша Таушық ауылынан келген “Мышық ауылы” командасы, Форт Шевченко қаласынан “Нуриктің қыздары” мен ақтаулық “Алаш медиа” командасы, “Б” тобы бойынша Түпқараған ауданынан “Ути Пути” командасы, Назарбаев зияткерлік мектебінің “НИШ құрамасы” және Маңғыстау ауданынан келген драйвты “Мәмпәси” командасы финалдық бәсекеге тікелей жолдама алды.

Аталған сайыстың финалдық бәсекесі 30 қараша күні М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония залында өтеді.

Exit mobile version