Полиция қызметкерлері колледж студенттерімен кездесті

5 қазан күні Ақтау студенттер Альянсының ұйымдастыруымен «Student life» жобасы аясында колледж студенттерімен «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты кездесу өтті. Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылық және есірткі қылмысының алдын алу бойынша сөз қозғалды.

Кездесу Маңғыстау туризм колледжінде және Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде өтті. Оған Ақтау қаласы ПБ ЮПБ бастығы Полиция капитаны Әбдімәлік Ильясов, ПД-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Алтынай Әмірғалиева және облыстық психикалық денсаулық орталығының наркологы Александр Решетников қатысты.

Шара барысында жастар арасындағы өзекті мәселе есірткі қылмысының артуы, жастардың зиянды әдеттерге тәуелділігі және есірткі қылмысының алдын алу бойынша ақпараттар айтылды. Ақтау қаласы ПБ ЮПБ бастығы Полиция капитаны Әбдімәлік Ильясов жастардың түнгі мезгілде жүруі, төбелесуі салдарынан әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік тартылатынын атап өтті.

Ал ПД-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Алтынай Әмірғалиева синтетикалық есіртінің зияндылығы мен заңда көрсетілген қылмыстық жауапкершіліктер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, жастардың арасында орын алатын құқықбұзушылық пен есірткі қылмысының жолын кесу, болдырмау мақсатындағы жұмыстар ҚР «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында орындала беретіндігін баяндады.

Exit mobile version