Педагогтардың еңбекақысы тағы 25 пайызға артады

Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездескен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылы қаңтарда білім беру қызметкерлері мен педагогтардың еңбекақысы қосымша тағы 25 пайызға артатынын ​мәлім етті.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті халықпен кездесті. Сондай-ақ сапар барысында ол Өскемен қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептер құрылысына дайындық жұмыстарымен танысып, «Рахат» балабақшасында болды.

«2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң көп нәрсені өзгертті. Мектеп, колледж мұғалімдерінің, балабақша тәрбиешілерінің және қосымша білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру сияқты бірнеше бағытта жұмыс жүргізілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша соңғы 3 жылда мұғалімнің жалақысы 2 еседен аса өскен. Келесі жылы қаңтарда білім беру қызметкерлері мен педагогтардың еңбекақысы қосымша тағы 25 пайызға артады», – деді Асхат Аймағамбетов облыс халқымен кездесуінде.

Exit mobile version