Пара-армрестлинг: Маңғыстаулық спортшылар әлем чемпионы атанды

Алматы қаласында қол күресінен армрестлингтен (ересектер, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар, ардагерлер арасында) 44-ші Әлем чемпионаты және пара армрестлингтен 25-ші Әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен маңғыстаулық спортшылар жасөспірімдер арасында және пара армрестлингтен жастар арасында сынға түсіп 6 алтын, 6 күміс, 2 қола иеленді.

Атап айтқанда жасөспірімдер арасында Дәулет Абдулла оң қолдан Әлем чемпионы атанды. Ал, сол қолдан Дәулет Абдулла 3-орын иеленді.

Сондай-ақ, Әлем чемпионатына көру (VI), есту (HI) және тірек-қимыл аппараты зақымданған (PID, PIU, PIUH, PIDH, СPD, CPU) спортшылар қатысты. Жарыс ересектер мен қатар U23 жастар арасында өтіп, ел намысын 144 спортшы қорғады. Оның ішінде көру қабілеті зақымданған спортшылар жастар арасында 55 келіде Берік Өтепберген, 65 келіде Дәурен Айшуақ, + 65 келіде Алихан Дүйсенбай Әлем чемпиондары атанды.
Ал, есту қабілеті зақымданған спортшылар жастар арасында 55 келіде Ақылбек Данакүл оң қолдан 2-орын, сол қолдан 3-орын иеленсе, 65 келіде Еркін Тайманов 2-орын, +55 келіде Гүлнар Үкібай 3-орын иеленді. Және де жастар арасында тірек-қимыл аппараты зақымданған Standing санаты бойынша 60 келіде Нұртуған Қожабаев 2-орын, +60 келіде Сержан Төлеп 2-орын иеленді.

Биыл Қазақстан құрамасының спортшылары 157 медаль (72 алтын, 58 күміс және 27 қола) иеленді. Сонымен қатар, пара спортшылар да керемет өнер көрсетіп, 136 медаль (35 алтын 63 күміс және 38 қола) жеңіп алды.
Жалпы алғанда қазақстандықтар әлем чемпионатының 293 медалін қанжылады.
30 жыл ішінде Қазақстан осы спорт түрінен нағыз серпіліс жасады және қазір армрестлинг бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады.

Әлем біріншілігіне 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысты. Байрақты бәсеке 24 тамыз- 3 қыркүйек аралығында өтті.

Exit mobile version