Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы Маңғыстау облысының жастар орталығымен бірлесіп, жастар арасында неке және отбасылық өмірге дайындық, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Некеге дейінгі оқыту» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында жастарға отбасылық өмірге дайындық, отбасы институтын нығайту, өзара сыйластық пен жауапкершілік, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы түсіндірілді.
Отбасы – қоғамның негізі. Берік отбасы – жарқын болашақтың кепілі! ❤️
