Оқушылар арасында пікірсайыс турнирі аяқталды

5 қараша күні Оқушылар сарайында 9 – 11-сынып оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өтті. Оқушылар екі айналым бойынша бақ сынады. Алғашқы айналымда қатысушылар іріктелсе, екінші айналым негізгі ойындарға бағытталды. Үздік командалар ширек финал, жартылай финал және финалда сынға түсті.

Әділқазылар алқасының шешімімен 1-орынды Мұнайлы ауданынан “МИКС” фракциясы алды. 2-орынға Ақтау қаласынының “Renaissance үшін” фракциясы ие болды. Ал 3-орын Мұнайлы ауданынан келген “ Жалын of light” фракциясына бұйырды.

Сонымен қатар “Үздік спикер” номинациясына Асел Ауғанбай лайықты деп танылды. Жеңімпаз атанған командалар мен үздік спикерлер дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, пікірталас турнирі “Бағыттайық” жобасы аясында өтті. Шара “Жеті жұрт” ҚБ Маңғыстау облыстық білім басқармасының тапсырысымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру, оқушылардың жауапкершілігін арттыру. Туған өлкенің, елдің, мемлекеттік тіл мәселелерін талқылап, оны шешуге талпындыру. Сонымен қатар облыста пікірсайыс қозғалысын дамытып, насихаттау.

Exit mobile version