«Оқушы орталығында» 3D модельдеу үйірмесі ашылды

фото ғаламтордан алынды

Цифрлық экономиканың талаптарын ескере отырып, өскелең ұрпақты жаңа оқу жылынан бастап сән индустриясында қолданылатын жаңа компьютерлік бағдарламаларды игеруге дайындау үшін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын Ақтау қалалық «Оқушы орталығы» компьютерлік технологияларды енгізуге, 3Д модельдеу бағдарламасын игерту мақсатында «Компьютермен киімді модельдеу және құрастыру, 3Д манекенде киімді виртуалды түрінде өлшеу» үйірмесін ашты.

Оқу жылы ішінде әр оқушы қарапайымнан күрделіге дейін өз қолымен үлгіленген үлгілер жинағын жасайды. Сонымен қатар, оқушы компьютерлік үш өлшемді модельдеуді және 3D манекенімен киімді жобалауды игерудегі өзінің өз мүмкіндігін көре отырып, осы бағытта одан әрі шыңдалуына ықпал етеді.

– Сандық әлем күннен күнге маңызды бола түсуде. Цифрлық экономика мамандардан өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылардың болуын талап етеді. Неліктен дәл 3D модельдеу? Әрине, бұл бағыт қызықты, перспективалы, сұранысқа ие. Қазіргі уақытта әлемде 3D технологиялары қолданылмайтын экономика саласын табу қиын. Жыл сайын экономиканың әртүрлі салаларына 3D модельдеуді енгізу ауқымы артып келеді. Осындай оқытудың жаңашыл бағыттары мектеп оқушыларын қоғамда әлеуметтенуіне және кәсіби бағдарын анықтауға мүмкіндік береді,- дейді білім басқармасы.

Exit mobile version