Оңтүстік Корея қазақстандықтарға өз жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін болды. Осыған байланысты екі елдің тарапы Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу бойынша келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Аталған келісім қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс табуға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, отандастарымызға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін боалды.

Екі жақ Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу мәселесін талқылады. Енді қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазақстандықтарға тең еңбек жағдайлары жасалып, құқықтары қорғалатын болады.

Кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансейітова және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің директорының орынбасары Саадат Асансейітова мен Корея Республикасының еңбек және жұмыспен қамту Myung Sung Hong қатысты.

Әріптестер Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылап, еңбек көші-қоны аясында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.

Exit mobile version