Өңір жастарын «Жарқын Болашақ» бағдарламасына қатысуға шақырамыз

Маңғыстау облысының жастары «Жарқын Болашақ» бағдарламасына өтініш беріп, қатыса алады.

Қазір аталған бағдарлама бойынша Жаңаөзен қаласы, Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарының 12-22 жас аралығындағы жастарын іріктеу кезеңі басталды.

Бұл жобаға қатысу арқылы алдыңғы қатарлы мектеп пен колледжде білім алып, сұранысқа ие мамандықты таңдау қажет.

– Бағдарламаға өтініш бергеннен кейін барлық кезеңдерден сәтті өткен жағдайда мектеп пен колледжге оқуға тегін түсуге мүмкіндік бар. Оқу орны орналасқан аймақта туған-туыстың рөлін бағдарлама ұйымдастырушылары атқарады. Олармен үнемі байланыста болып, жан-жақты қолдау көрсететін болады.

– Маңғыстаулық жастар грант иегері атанғаннан кейін «Оқу ақысын төлеу керек еді» демей-ақ білім алуға ден қояды.

– Жатақхана ақысын да алаңдамай, оқу демалысында емін-еркін ата-анаңыздың жанына барып келесіз, өйткені жол шығыны белгілі мөлшерде бағдарлама есебінен өтелмек.

– Сондай-ақ, сабақты үздік оқыған жағдайда онда жоғарлатылған шәкіртақы алады.

Осындай мүмкіндікті жіберіп алмау үшін бағдарламаға қатысуға шақырамыз!

Ол үшін қажетті құжаттар:

Үміткердің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі болмаған жағдайда туу туралы куәлігі керек);

Заңды өкілінің жеке куәлігі;

Егер болмаған жағдайда: Әлеуметтік жағдайын растайын анықтама (көп балалы отбасы, толық емес отбасы, аз қамтылған отбасы, отбасы мүшесінің мүгедектігін растайтын анықтама);

Аттестат (болмаған жағдайда білім беру ұйымының мөрі қойылған соңғы жылдың табелінің көшірмесі);
3х4 см көлеміндегі фотосурет.

Exit mobile version