Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының жастары қала тұрғындарын Амал мерекесімен құттықтады.
Жастар тұрғындармен көрісіп, ізгі тілектерін арнап, тәтті таратты.
– Бүгін, міне, Амал мерекесінен бастап жастар орталығының Наурызнама онкүндігі басталды. Осы онкүндікте қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, ұлтымыздың құндылықтары насихатталады. Отбасыдағы бірлік, елдегі ынтымақ және жастар арасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып дәріптеледі, – дейді орталықтың директоры Гүлмира Баянқызы.
Мерекеге орай шаралар 23 наурызға дейін жалғасады.