Өмірде ешқандай шектеу жоқ – Қанат Ризабеков

«TedX Mangystau» ашық алаңына жағажай және отырып ойнау параволейболынан ҚР чемпионатының жүлдегері Қанат Ризабеков келді. Ол жеті жасында оқыс оқиғаға тап болып, қолынан айырылған. Соған қарамастан өмірде өз орнын тапқан жан.

«Өмірдің қатты сынына жеті жасымда тап болдым, сол сәтте дәрігерлердің арқасында қайта туылдым. Бірақ бір қолсыз. Көбі мүмкіндігі шектеулі жан деп айтады, менің ойымша, өмірде ешқандай шектеу жоқ. Тек үміт пен сенім, еңбек ету керек. Сонда ғана қалаған мақсатқа жетуге болады», – дейді Қанат Ризабеков.

Қанатты отбасына және спортқа деген махаббаты, өзіндік ерік-жігері алға жетелейді. Спорт арқылы жан рахатын сезініп, биік белестерді бағындырып жүр. Осылайша, ол жастарды жігерлендіріп, өмірде кездескен әр кедергіге қарсы тұруға шақырды. Сонымен қатар арман мен мақсатқа ерінбей, еңбекпен жетуге кеңес берді.

Жұлдызай Қалиева

Exit mobile version