Облыстық жастар басқармасының 6 айда атқарған жұмысы

Биыл 6 ай ішінде сегіз маңғыстаулық жас «ZhasProject» жобасы аясында 1 млн теңге көлемінде грантқа ие болып, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік алды.

«Жасыл ел» еңбек жасағының 1-кезеңі аяқталды. 1-кезең бойынша 1 224 жас уақытша жұмыспен қамтылды. Ал 2-кезең бойынша 1 320 жас жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар Қарақия аудандық ЖРО ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығы ғимаратының құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Жаңаөзен қаласының жастар ресурстық орталығы базасында коворкинг жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Өңірде 13 үкіметтік емес ұйым жастарға арналған 20 әлеуметтік жобаны іске асырып жатыр.

Биыл Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының базасында заманауи IT-хаб жұмысын бастады. Мұнда оқу залы, бірнеше келіссөз бөлмесі, коворкинг пен демалыс аймағы бар.

Exit mobile version