Облыстық жас ақындар мүшәйрасына өтінім қабылдау басталды

Маңғыстау облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өрмелеп шығып, күн болам… » атты жас ақындар мүшайрасын жариялайды.

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР:
• Мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.
• Мүшәйра 2 бөлімнен тұрады:

1. Әр ақын 2 өлең ұсынады: бірі – ел, туған жер, тәуелсіздік тақырыбында, екіншісі – еркін тақырыптағы өлең жолдауы тиіс.
2. Іріктеуден кейін жас ақындарға кез келген тақырып беріледі. Сол сәтте 3-4 шумақ өлең шығаруы тиіс. Жеңімпаздар анықталғанша жас ақындарға арнайы шеберлік сағаты өтеді.

Мүшәйраның ұйымдастыру алқасы тек шектік мерзімде жұмыс істейді, яғни мүшәйра шарттарында көрсетілген мерзімінен кешіккен, уақытында жолданбаған өлеңдер мен қатысушылар мүшәйраға жіберілмейді.

МҮШӘЙРАНЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ:

• Мүшәйраға дастан қабылданбайды. Ұсынылатын өлеңдер 14 өлшеммен жазылғанда 2 беттен аспауы шарт. Шарт бұзылған жағдайда өлең жарыстан шеттетіледі.
• Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған, жаңа өлең ұсынылуы тиіс.
• Өлең қабылдау 08.11. 2022 – 30.11. 2022 аралығында жүреді. Көрсетілген уақыттан кешіккен өлеңдер қабылданбайды. Бұл шешімді қазылар алқасы емес, ұйымдастырушылар қабылдайды.
• Мүшәйраға кеп түскен өлеңдердің авторы көрсетілмей, қазылар алқасына ұсынылады. Өлеңдер іріктелген соң, ұйымдастырушылар ақынды хабарласып шақырады.

• Мүшәйраның жүлде қоры:

І орын – біреу, 100 000 теңге;
ІІ орын – біреу, 80 000 теңге;
ІІІ орын – біреу, 50 000 теңге.

Және ақшалай сыйлықпен ынталандырылады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
• Мүшәйраға қатысты туындаған барлық сұраққа 87764787229 нөмері арқылы білуге болады.
• Өлеңдер 14 өлшемді әріптермен теріліп, автор туралы мәліметтермен бірге Aliya.rezh@mail.ru поштасына жолдануы керек.

Exit mobile version