Нұрлан Байжігітұлы маңғыстаулық жастармен кездеседі

25-26 шілде күндері Маңғыстауда танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы жастармен кездесіп, жастардың дін сауаттылығын арттыру тақырыбында ой өрбітпек. Кездесу Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының орталығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Аталған іс-шара Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің «Жастар керуені» жобасы аясында жүзеге асады.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – өңір жастары арасында қаржылық, құқықтық және діни сауаттылықтарды арттыру. Жастарға неке және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында кешенді ақпараттық және ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру.

Аталған мақсаттарды орындау үшін жеке меншік мекеме алдағы уақытта да республикалық деңгейдегі сарапшыларды тарта отырып, арнаулы мақсаттар мен міндеттерге сай өңірдің барлық аудан, қалаларында іс-шаралар тізбегін, яғни көшпелі кездесулер сериясын өткізетін болады. Негізгі нысаналы топ – Маңғыстау облысының тұрғындары, оның ішінде 18-35 жас аралығындағы жастар, жасөспірімдер, колледж, университет студенттері.

25 шілде сағат 17.00-де Шетпе ауылын, Маңғыстау аудандық мәдениет үйінде кездесу өтеді.

26 шілде сағат 10.00-де Форт-Шевченко қаласы, Түпқараған аудандық мәдениет үйінде жастармен жолығады.

Дәл сол күні сағат 17.00-де Құрық орта мектеп гимназиясында кездесу ұйымдастырылады.

Exit mobile version