Назарбаев зияткерлік мектебі «Өркен» грантына байқау жариялады

Ақтауда Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-сыныпта білім алу үшін «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады. Бұл туралы Қоғамдық комуникация орталығында өткен брифингте білім ордасының директоры Ринат Жұмабаев хабарлады.
Спикердің айтуынша, құжат қабылдау 2022 жылдың 1-желтоқсанынан 2023 жылдың 10-қаңтарына дейін жалғасады. Кешенді тесттер 2023 жылы 2-3 наурыз күндері өтеді.
-Үміткер конкурсқа қатысу үшін өтініш беріп, сауалнама толтырады. Қатысушы туу туралы куәлігінің, ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің , сондай-ақ, үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмелерін тапсырады. Сонымен қатар, графикалық файл түріндегі 1 МБ, көлемі 3х4 см фотосуретін жолдайды. Көрсетілген барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 файлдық пластикалық папкаға салынады, – деді Ринат Жұмабаев.
Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ырыскүл Имамбаеваның айтуынша, үміткерлер толық ақпаратты https://www.nis.edu.kz/ сайтынан ала алады.
– Өтініш белгіленген нақты мерзімінен кешіктірілсе, бекітілген тізім бойынша толық болмаса құжаттар қабылданбайды. Сондай-ақ, қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды, – деді Ырыскүл Имамбаева.
Спикердің айтуынша, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу ушін, оқушыларды дайындау мақсатында «Байқау тест» өткізіледі. Тестті ақылы түрде желтоқсан айының 10, 24 күндері, қаңтар айының 14, 28 күндері, соңғы байқау тестін ақпан айының 11 күні тапсыра алады.
Айта кетейік, биыл Зияткерлік мектепте 7 сыныпта 3 қазақ, 1 орыс сыныбы оқиды. Мектепке барлығы 104 оқушы қабылданды. Қараша айында қосымша тағы 43 оқушы қабылданды. Барлығы 7 сыныпта 147 оқушы білім алып жатыр.
Exit mobile version