Н. Жантөрин театрының ХХ маусымының ашылуы өтеді

Маңғыстау облыстық Н. Жантөрин атындағы драма-театры 20-шы маусымының шымылдығын 14 қыркүйек 19:00-де “ШЫҢЫРАУ” спектаклімен түрмек,- деп хабарлайды «Маңғыстау жастары» сайты.

– Ә. Кекілбаевтың әлемге әйгілі «Шыңырау» повесі – тілі шұрайлы, мазмұны терең шығарма. Бұл қойылымда басты кейіпкер тек Еңсеп қана емес, шөлді аймақ Үстірт үстіндегі табиғаттың терең сырларын меңгеріп, ұрпағына мирас етіп қалдырған барша құдықшылардың прототипінің жиынтығы. Шығарма көрерменге терең ой салып, жетістікке жету үшін тек еңбек қана емес, ой-пікір тереңдігі, жан тазалығы мен ниет тазалығы қажет екендігін түсінуге жетелеп, онсыз биік шыңға да, түпсіз тереңдікке де жетуге болмайтындығын меңзейді.

Шығармаға инсценировка жасап, сахналау – режиссердің ғана емес, бүкіл ұжымның қажырлы еңбегін талап етті,- дейді театрдың баспасөз қызметі.

Exit mobile version