Музыкалық қойылым байқауынан үздіктер анықталды

Ақтауда М. Өскінбаев атындағы облыстық филармониясында “Студенттік күз – 2024” фестивалі аясында музыкалық қойылымнан байқау ұйымдастырылды. Өңірдегі жоғары және кәсіптік-техникалық колледж студенттері қатысып, бақ сынады.

Студенттер көпке танымал әндерді айтып, би биледі. “Students life” тақырыбында сахналық қойылым жасады. Өнер көрсеткен жастардың қойылымы мен таланты көпті тәнті етіп, қошеметіне бөленді.

Байқауда өнер, театр саласының майталмандары төрелік етті. Нәтижесінде Маңғыстау туризм колледжі үздік үштіктен көрініп, 3-орынды қанжығаға байлады. Ал 2-орын Есенов колледжіне студенттеріне бұйырды. Жүлделі 1-орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі алды.

Аталмыш шарағаға қолдау көрсеткен «BroDobro» компаниясына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Айта кетейік, шара “Students life” жобасы аясында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «Ақтау студенттер Альянсы» ҚК ұйымдастыруымен өтті.

Exit mobile version