Мұқаш Оралбай облыстық жастар орталығының басшысы болып тағайындалды

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы болып Мұқаш Оралбай тағайындалды. Ол бұған дейін орталық басшысының орынбасары қызметін атқарған, – деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Мұқаш Оралбай Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Менеджмент» мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылы «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығында» жоба жетекшісі ретінде бастаған.

2017 – 2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ эксперті, «Бекен» жас көшбасшылар достастығы ҚК директоры, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында «жастар жобалары және шығармашылық» бөлімінің маманы, бөлім басшысы, орталық директоры орынбасарының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болды.

Жастар орталығының жаңа басшысына сәттілік, толағай табыс пен жетістік тілейміз!

Exit mobile version