Мемлекеттік рәміздерді қолданудың тәртібі жөнінде тренинг өтеді

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры «Туым – менің мақтанышым» жобасы аясында «Мемлекеттік рәміздерді қолданудың негізгі тәртібі және түсіндіру жұмыстарының жаңа әдістері» тақырыбында 3 күндік семинар – тренинг өткізілетіндігін хабарлайды.

Тренингке Маңғыстау облысының барлық қала және аудандарының 18-35 жас аралығындағы белсенді, ерікті, шығармашыл, көшбасшы жастары қатыса алады. Қатысушылар саны – 30 адам.

Өтінім беру сауалнамасын толтыру үшін сілтемеге өтіңіз https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeidaIs59Ma3KkcCv-LETpWTi6_HHvn52X9WXF1rOkCJWESBg/viewform?usp=sf_link

Орындар саны шектеулі.

Exit mobile version