Германияның Берлин қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Европа кубогында маңғыстаулық Мейірлан Максим 81 келі салмақта чемпион атанды.
Маңғыстаулық спортшы алғашқы белдесулерінде Германия, Белгия, Хорватия спортшыларынан басым түсті. Ақтық белдесуге жолдамада Берлин қаласының спортшысымен сынға түсіп, таза жеңіспен ұтты. Ал ақтық сында қазақ палуанын ұтып, Еуропа кубогын алды.
Сондай-ақ, маңғыстаулық Азат Күмісбай мен Жантілек Нұртілепұлы 5-орынға тұрақтады.