«Mangystau Zhastary» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті

Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығы мен «Timur Academy» жеке меншік мекемесінің бірлескен ұйымдастыруымен «Mangystau Zhastary» мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын таныстыруға арналған қорытынды қоғамдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылып, жаңартылған нұсқаның негізгі мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар жастарға арналған ақпараттар мен мүмкіндіктер, қосымшаның функционалдық ерекшеліктері және жобаның қол жеткізген нәтижелері туралы ақпарат берілді.

Кездесуге студенттер қатысып, «Mangystau Zhastary» мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасымен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар мен мүмкіндіктер туралы мәлімет алды.

Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, жобаға қатысты ойларын ортаға салды.

«Mangystau Zhastary» – жастарға қажетті ақпарат пен мүмкіндіктерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін жоба.

Exit mobile version