«Mangystau Nauryz Fest – 2021» жастар фестивалі

«Mangystau Nauryz Fest – 2021»  жастар фестивалінің (әрі қарай – Жастар фестивалі) мақсаты – Амал және Наурыз мейрамын жаңа үлгіде тойлау дәстүрін қалыптастыру, қоғамды ұйыстыруға бағытталған құндылықтарды насихаттау.

Жастар фестивалінің бағдарламасында жастардың тал егу шарасы, өңір тұрғындары мен қонақтарына «Жыл құтты болсын» атауымен тәттілер үлестіру шарасы, қайырымдылық шаралары, жастардың ұлттық киімді дәріптеу челленджі,  қоғамдық көліктерді ұлттық ою-өрнекпен безендіру бастамасы, ұлттық ойындар мен сайыстарды ұйымдастыру жоспарланған.  

Жастар фестивалі облыс көлемінде наурыз айының 14 мен 22 күндері аралығында өтеді.

Exit mobile version