Mangystau IT Fest 2024 өтті

Жастар ресурстық орталығы мен Mangystau Hub бірлесе ұйымдастырған фестивальге 198 адам қатысты, оның ішінде 97 қатысушы мен 36 команда болды.

Фестиваль аясында 3 негізгі жарыс өткізілді:

Киберспорт турнирі

5 команда (әрқайсысы 5 адамнан) қатысып, танымал киберспорттық ойындар бойынша жарыс өткізді.

Жеңімпаздар:

1 орын: Borisya
2 орын: SharkTeam
3 орын: On Bir

Робототехника бойынша сумо-турнир
16 команда (әр командада 2 адамнан) роботтарын алаңда күш сынасты.

Жеңімпаздар:

1 орын: Billionship
2 орын: Mamonts
3 орын: JOO Robotics

Стартап-батл

15 команда өздерінің инновациялық идеяларын таныстырып, сарапшылар алқасын таң қалдырды.

Жеңімпаздар:

1 орын: Baqyt (TeenGo & InternGo)
2 орын: Qazaq Kaharmandary
3 орын: G-Cap

Mangystau IT Fest 2024 — IT саласындағы инновацияларды көрсетуге, тәжірибе алмасуға және өңірлік IT қауымдастығын нығайтуға керемет алаң болды!

Exit mobile version