Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық би байқауының жеңімпазы атанды

Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық «DANCE SUPER STAR – 2022» би байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Би байқауы Армения елінің Ереван қаласында өтті. Дүбірлі додаға Армения, Грузия, Ресей, Белоруссия елінің ең үздік би ұжымдары өнер көрсетті.

Сайыста барлығы 47 би көрсетілді. Қазылар алқасының шешімімен «Қөсбегі» биі «Жорға» би ұжымына жеңіс сыйлап, І орынды иеленді. Ал «Бастанғы» биімен гран-при, «Салтанат» биімен супер гран-при жеңіп алды.

Exit mobile version