Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің басшылығымен сұхбат өткізді.
Өңір жастары үшін Павлодарда білім алудың мүмкіндіктері туралы әңгіме барысында Гүлнар Манатқызы тікелей эфирде сауалдарға жауап беріп, тарихы терең білім ордасындағы арнайы жоба бойынша бөлінген гранттар, білі беру барысы жайлы әңгімеледі.
«Біз Маңғыстау облысына арнайы барып, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында болдық. Көрме өткізіп, мектеп бітіруші түлектерге педагогикалық бағыттағы мамандықтар туралы ұсыныстарымызды атадық. Біздің университетте студенттен үшін сапалы білім алып, арнайы практика, жатақханаға орналастыру, қоғамдық жұмыстармен айналысу, спорт, басқа да шараларға ат салысуға мүмкіндік мол. Өңір жастарын талапкер ретінде біздің оқу орнына құжат тапсыруға шақырамыз», – деді Гүлнар Манатқызы.
Алдағы уақытта Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы еліміздегі бірқатар оқу орындарымен тікелей эфирде байланысқа шығып, мектеп түлектеріне мамандық таңдауда өз көмегін көрсетуді көздеп отыр.