Маңғыстаулық жас спортшы полиатлоннан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды

Маңғыстаулық жас спортшы Ангелина Кузьмичева полиатлоннан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиатлоннан жүгірумен бессайыс бойынша әлем чемпионаты мен біріншілігі 11-16 қыркүйек аралығында Ресейдің Калуга қаласында өтті. Жарыста Камерун, Үндістан, Тунис, Марокко, Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің спортшылары бағын сынады.

Бессайыс 60 метрге жүгіру, жүзу, граната лақтыру, ату және шыдамдылықты қамтиды.

Жарыста маңғыстаулық Ангелина Кузьмичева Ресейдің, атап айтқанда Краснодар мен Белгородтың спортшыларынан басым түсіп, 12-13 жас аралығындағы қыздар арасында бірінші орынды иеленді.

Жаттықтырушылары Александр Кабаргин мен Владимир Глуцкий, спортшы Ақтаудағы желкенді спорттан БЖСМ-де полиатлон бөлімінде жаттығады. Бұған дейін ол бес жыл жүзумен айналысқан.

Ангелина №7 мектептің 7-сыныбының оқушысы.

Айта кету керек, Ангелина – Қазақстан чемпионы және әлем чемпионы. Осы жылы 14-19 сәуірде Беларусь Республикасының Могилев қаласында полиатлоннан әлем чемпионы атанған болатын.

Exit mobile version