Маңғыстаулық жас ақын Жазушылар Одағының мүшесі атанды

Маңғыстаулық жас ақын, жазушы, бірнеше республикалық байқаудың жүлдегері Еділбек Дүйсен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі атанды.

Мүшелік билетті Одақтың Басқарма төрағасы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет табыстады.

Сонымен қатар мүшелік билетті Маңғыстаудан Жоламан Айдарбаев, Ақшагүл Рамазанова, Ерекен Қорабаев, Сержан Шәкірат және Ғани Карин алды. Осылайша, Одаққа енген облыс жазушыларының саны 28-ге жетті.

Айта кетейік, салтанатты жиын Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өтті. Оған Қазақстан Жазушылар Одағының басшысы Ұлықбек Есдәулет, орынбасары Бауыржан Жақып және өңірдегі филиал басшысы Ғалым Әріп қатысты. Өз кезегінде Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет Одақ қатарына қабылданған азаматтарға шығармашылық сәттілік тіледі.

«Маңғыстау жастары» сайтының жетекшісі Еділбек Дүйсенді құттықтаймыз!

Exit mobile version