Маңғыстаулық спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионатына жолдама алды

Маңғыстаулық жасөспірім спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионатына жолдама алды. Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен 900-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Джиу-джитсудан ел чемпионаты Алматы облысының Талғар қаласында өткен. Спортшылар джиу-джитсудан ұлдар және қыздар U14, жасөспірімдер U16, кадеттер U18 арасында файтинг-систем, неваза-систем, дуо-систем бөлімдері бойынша бақтарын сынады. Чемпионат жыл соңында өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылады. Аталған жарыста Маңғыстау облысының спортшылары 4 алтын, 8 күміс, 18 қола иеленді. Атап айтқанда, Біржан Қабидолла 42 келіде, Тілектес Саматқызы 44 келіде, Әдебиет Ерсұлтанов 50 келіде, Ақырыс Абдірзақова +70 келіде алтын жүлдегер атанды.

Ал күміс жүлдені Құралай Саматқызы 40кг, Мейрамбек Кемелхан 42кг, Райхона Исламбаева 44кг, Рамазан Есболат 46кг, Ақниет Закарина 52кг, Самина Сайфиддина 57кг, Асылжан Серікбаев +66кг, Дәулет Жұманазаров +73кг иеленді.

Сондай-ақ, қола жүлдені Әсет Нұрланұлы 30кг, Ибрахим Абенов 34кг, Кәусар Әбу-Бәкір 36кг, Құралай Саматқызы мен Аружан Ахметова 40 кг, Нұрасыл Әлібекұлы 42кг, Шерхан Тынышбаев, Санжар Ғалымжан, Манаш Али 50 кг, Дильназ Бақтығали бен Самина Сайффидина 57кг, Данияр Сармолда мен Мереке Қасымұлы 60 кг, Нұрай Алджанова +63, Атамұрат Аманқосов пен Айдын Өтеш 73кг, Бақдаулет Жиеналды +81кг алды.

Джиу-джитсудан жасөспірімдер және кадеттер бойынша Маңғыстау облысның аға жаттықтырушы Асылбек Орынбаевтың айтуынша бірінші және екінші орын алған жасөспірім спортшылар 29 қазан мен 8 қараша аралығында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Аталған жарыс 16-18 қыркүйек аралығында өтті.

Exit mobile version