Маңғыстаулық спортшы ТМД елдерінің II ойындарында самбодан қола медаль иеленді

Беларустің Жлобин қаласында өткен ТМД елдерінің II ойындарында маңғыстаулық самбошы Гүлдана Альмухамбетова қола медаль иегері атанды.

Жлобинде өткен сайыста 10 елдің, атап айтқанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан құрамасының әр түрлі салмақ дәрежесіндегі 100-ден астам спортшысы бақ сынады.

Жарыс барысында 54 келі салмақта Гүлдана Альмухамбетова Беларусь пен Қырғызстан мемлекетінің спортшыларынан басым түскенімен, ресейлік спортшыға есе жіберді. Ал үшінші орынға талас кезінде Өзбекстан мемлекетінің спортшысын жеңді.

ТМД елдерінің II ойындарында самбодан жарыс 12 және 13 тамызда Жлобинде өтті.

Айта кетейік, Гүлдана тамыз айының басында Армения мемлекеті Ереван қаласы Армения ұлттық олимпиада комитетінің президенті Г.Царукян кубогында қола жүлдегер атанды.

 

Exit mobile version