Маңғыстаулық спортшы ММА-дан Азия чемпионы атанды

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында ережесіз жекпе-жектен (ММА) Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 13 елден Ауғанстан, Бахрейн, Үндістан, Иран, Ирак, Жапония, Иордания, Қазақстан, Ливан, Моңғолия, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 170 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен маңғыстаулық 2 спортшы 1 алтын және 1 қола жүлде иеленді. Атап айтқанда 18-20 жас аралығында 120 келіде Нұрәділ Қайырбергенұлы қола жүлдегер,ал 21 жастан жоғары ересектер арасында 120+ келі салмақта Расул Хатаев Азия чемпионы атанды.

МО ММА аға жаттықтырушы Азамат Абиловтың айтуынша Расул Хатаев финалда Тәжікстан спортшысы Шокрух Фатоевты бірінші раундта қылқындыру әдісін қолданып,Азия чемпионы атанды. Ал Нұрәділ Қайырбергенұлы өзбекстандық Шохджахон Туракуловпен үш раунд тепе-тең өткізіп, экстра раунд нәтижесінде төрешілер жеңісті Туракуловка берді. Нұрәділ қола жүлдегері атанды.

Аталған жарыс 28-30 қазан аралығында өтті.

Exit mobile version